Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Сәуір, 2025

Абай облысында прокуратура жылу тарифтерін төмендетті

2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс болатын, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.

Алайда табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеді.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде, жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді.

Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті.

Осылайша, алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейтін болды.

Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

Азаматтардың табиғи монополиялар саласындағы құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз