Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2025

СҚО-да 200-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында 200-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді.  Су деңгейі көтерілгендіктен, елдімекен тұсындағы бөгет үш күннен бері нығайтылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan.tv
Әкімдік өкілдерінің айтуынша тұрғындардың басым бөлігі эвакуциялық бекеттерге бармай, туған-туыстарының үйін паналауды жөн санаған. Өткен тәулікте су деңгейі 29 сантимерге көтерілді.
Бөгетті биіктетуге 1600-ден астам адам жұмылдырылған. Көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан 200-ден астам әскери келді. Қазгидромет мамандарының болжамынша Есіл өзенінің деңгейі алдағы күндері тағы да көтеріледі.

396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз