- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Сәуір, 2025
СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.
Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде .
Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауда.

384 рет
көрсетілді0
пікір