- Айна
- 28 Сәуір, 2025
Оқушылар Халықаралық Балқан математика олимпиадасында ел намысын қорғады
2025 жылғы 25-30 сәуір аралығында Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өтіп жатқан Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (Balkan Mathematical Olympiad – BMO) қазақстандық оқушылар ел намысын қорғауда. Беделді интеллектуалдық жарысқа республикалық математика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жолдама алды - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасына 6 дарынды оқушы кірді:
1. Шарел Марғұлан — 11 сынып оқушысы, Spectrum International School, Астана қ.;
2. Сахипов Амир — 11 сынып оқушысы, Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қ.;
3. Аманжолов Амирлан — 11 сынып оқушысы, Haileybury Almaty, Алматы қ.;
4. Орынбасар Бердібек — 10 сынып оқушысы, «Білім-инновация» №1 дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, Атырау облысы;
5. Нұрланов Дамир — 12 сынып оқушысы, НЗМ, химия-биология бағыты, Ақтау қ.;
6. Усенов Эльдар — 10 сынып оқушысы, НЗМ, физика-математика бағыты, Алматы қ.
Құраманың жетекшілері — Асымбек Әбдіәшімұлы және Мұхтар Қабақ.
Балқан олимпиадасы — Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін аса маңызды білім додасы. Осы жолы да біздің оқушыларымыз еліміздің абыройын асқақтатып, жоғары нәтижелерге жетуді көздеп отыр. Әрі бұл Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындық болмақ.
Еске салайық, былтыр қазақстандық мектеп оқушылары Балқан олимпиадасында үздік үштікке енген еді.
296 рет
көрсетілді0
пікір







