- Шартарап
- 28 Сәуір, 2025
Ұлан-Батырда қазақ тілінің сыныбы ашылды

Моңғолия астанасының «Fast Academy» білім орталығында қазақ тілін оқытатын сыныптың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қызметкерлері, «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының жерлестер алқасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Айдос Абиланы, «Fast Academy» орталығының директоры Ерболат Ашик пен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Бұл заманауи құралдармен жабдықталған сынып балалар мен жастардың ана тілін оқуға және қазақ халқының мәдени мұрасымен танысуға кең мүмкіндіктер беріп отыр.

842 рет
көрсетілді0
пікір