- Аймақ тынысы
- 28 Сәуір, 2025
СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда

СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Петропавл қаласының Заречное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда:
- тәулік ішінде 820 дана қапшық төселді
- 632 текше метр су сорылды. м су;
Сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері жүзу құралдарымен ауыл тұрғындары үшін азық-түлік тасымалдауда.
Жұмыстарға 234 адам және 25 бірлік техника - ҚР ТЖМ, ЖАО және ІІМ күштері жұмылдырылды.
Іс-шаралар халықты су тасқынынан қорғау үшін тәулік бойы жүргізіледі.

781 рет
көрсетілді0
пікір