Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Сәуір, 2025

Премьер-министр құрылыс саласын цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өткен жылдың қараша айында 89 қалада инфрақұрылымдық деректердің бірыңғай геопорталы арқылы рұқсат құжаттамасын беру мен эскиздік жобаларды келісудің пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті. Нәтижесінде бірқатар елді мекендердің нақты шекараларының бекітілген бас жоспарлармен сәйкес келмеуі, сондай-ақ белгілі бір жер учаскелерінің дұрыс бекітілмеуі анықталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне және «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына деректердің сәйкессіздігін жоюды тапсырды.
Премьер-министр құрылыс саласына ЖИ енгізу және оны жобалау, қала құрылысын басқару және басқа да бағыттар бойынша көмекші ретінде пайдалану қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты цифрлық даму, өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне құрылыс салу тығыздығын, инфрақұрылымды дамытудың техникалық шарттары мен деңгейіне сәйкестігін талдауды қоса алғанда, бір ай мерзімде құрылыс саласындағы ЖИ-модульдердің ауқымын кеңейту бойынша шешімдерді әзірлеу тапсырылды.
Олжас Бектенов инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттар беру рәсіміндегі бар мәселелерге назар аударды.

«Инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттар беру рәсіміне бизнес пен тұрғындардың тарапынан көптеген шағымдар келіп түсіп жатыр.
Оларды берудің қолданыстағы тәртібі бұлыңғыр, тым ұзақ әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін күшейтеді», — деп атап өтті Премьер-министр.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы техникалық шарттарды міндетті түрде цифрлық форматта беру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз