Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Мамыр, 2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді. Ол 20-шы орында тұр.

P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде Эдвардс америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордты (41-0, 31 КО) таңдаған.

Сонымен қатар, үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді.

Ал әлемдік бокстың бет-бейнесі саналатын мексикалық Сауль Альварестің (62-2-2, 39 КО) рейтингіде 8-ші орында тұрғаны айтылған.

Фото: дереккөзден алынды

 

 

534 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз