- Құмсағат
- 05 Мамыр, 2025
Еліміздің пара спортшылары әлемдік серияда жүлдегер атанды

Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен өткен ITTF World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясында қазақстандықтар 3 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚР Спорт комитеті.
Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев, сондай-ақ Алтынай Ержанқызы мен Талғат Эрекеев қола жүлдегер атанды. Бұған қоса, әйелдер арасындағы жұптық санатында Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үздік үштікке енді.
Айта кетсек, World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы 29-шы сәуір мен 3-ші мамыр аралығында өтті. Жарысқа 28 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысты.

537 рет
көрсетілді0
пікір