Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Мамыр, 2025

Былтыр қалдықтар көлемі 11,4% өсті - статистика

2024 жылы қалдықтар көлемі 11,4% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Өздігінен шығаратын кәсіпорындардың қалдықтарын ескергенде  2024 жылы жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 4,6 млн тоннаны (бір жылда өсім +11,4%) құрады, оның ішінде коммуналдық қалдықтар – 3,8 млн тонна. 

Сұрыпталған қалдықтардың көлемі 2024 жылы 1,3 млн тоннаға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,9% артық.

Сұрыпталған макулатура мен картонның көлемі сұрыпталған қалдықтардың жалпы көлемінің 10,7%, пластик көлемі –  9,9% құрайды.

Өңірлік бөліністе сұрыпталған қалдықтардың көлемі бойынша тізім басында Алматы қаласы – 398,5 мың тонна, алғашқы үштікке Қарағанды облысы (237,8 мың тонна) және Астана қаласы (207,9 мың тонна) кірді.

2024 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коммуналдық қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын 811 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейді. Қалдықтарды сұрыптаумен, кәдеге жаратумен және көмумен 227 ұйым айналысады.

499 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз