Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2025

Грекияда өткен халықаралық STEM байқауында ауыл оқушылары жүлдегер болды

Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Австралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысқан.Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және  Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.

Команданың жетекшілері — информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.

495 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз