- Айна
- 06 Мамыр, 2025
Алматыда заманауи «Қазақстан» медиаорталығы салынып жатыр
Алматыда заманауи «Қазақстан» медиаорталығы салынып жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жаңа медиаорталығының құрылысы жалғасып жатыр. Нысанның 93%-ы қалалық бюджет есебінен қаржыландырылған.
Құрылыстың аяқталу деңгейі – 60%. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Болашақ медиаорталықта:
- заманауи телестудиялар мен дыбыс жазу павильондары,
- монтаждау залдары,
- форумдар мен конференциялар өткізуге арналған алаңдар,
- озық цифрлық құрал-жабдықтар болады.
Медиаорталық әлемдік стандарттарға сай жасалады. Мұнда ұлттық деңгейдегі телебағдарламалар, фильмдер мен цифрлық контенттер өндірілмек.
332 рет
көрсетілді0
пікір







