Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2025

Александр Шевченко Рим мастерс турниріне жолдама алды

 Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бітірді.

Қазақстандық теннисші іріктеу сынының финалында дүниежүзілік рейтингіде 134-орында тұрған мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

А.Шевченко 6:4, 6:2 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Александр Шевченконың негізгі жарыстағы қарсыласы кейін белгілі болады

 

272 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз