Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2025

Қарулы Күштер туралы жаңа бейнебаян көпшілікке жол тартты

«Бүгін LIVE» студиясында жаңа туындының тұсауы кесілді. Тікелей эфирде қалың көрерменге жол тартқан «Сауыт» музыкалық бейнебаяны Jibek Joly телеарнасының тапсырысымен түсірілген.

Ел рухын көтеретін әуезді әнді Ибрагим Ескендір орындайды. ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жасалған жоба еліміздің Қарулы Күштерінің элиталық бөлімі — Арнайы операциялар күштеріне арналады.

— «Сауыт» бейнебаяны — ерлік пен бірлікке арналған гимн. Каспий теңізіндегі операциялар, таулы аймақтағы күрделі тапсырмалар, штурм әрекеттері мен тікұшақтан түсірілген әсерлі кадрлар. Мұның бәрі — Отан қорғау ісіндегі үйлесімділікті көрсетеді, — дейді телеарна қызметкерлері.

 

316 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз