Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2025

Алматыда жыл басынан бері 6187 мопедші жауапкершілікке тартылды

Арнайы айып тұрағына жылдың басынан бері 1786 мопед қойылған, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Жыл басынан бері 6187 мопедші жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 3052-сі жаңа заң енгізілген уақыттан, яғни 5 мамырдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Арнайы айып тұрағына жылдың басынан бері 1786 мопед қойылды. Оның 1036-сы 5 мамырдан бастап жеткізілді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

329 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз