Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік банкнота мен коллекциялық монеталар айналымға шықты

Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған естелік банкнота мен коллекциялық монеталарды айналымға шығарды.

1000 теңгелік банкнотта Отанды қорғау жолында қаза болған қаһармандарға тағзым ретінде салынған 28 гвардияшы-панфиловшы жауынгерге арналған даңқ мемориалы және архивтік фотосуреттермен қоса Қазақстан картасы бейнеленген.

Бұл банкноттың бірегейлігі – микрооптикалық қорғаныс жолағында үш өлшемді көлем беретін қозғалыс эффектісі байқалады: мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан құстар. 

Құстардың бейнесі – жақсылық, үміт және бейбітшілік нышаны.
«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» атты 1000 және 200 теңгелік коллекциялық монеталар «Ұлы оқиғалар мен тұлғалар» сериясында шығарылып, Отан қорғаушыларға құрмет білдіру және Ұлы Жеңістің маңыздылығын мәңгілік есте сақтауға арналған.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың еске алуға арналған мәңгілік алау бейнеленген. «80» санының айналасындағы өрнек – Жеңіс лентасы іспеттес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының элементтері стилінде жасалған.

479 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз