Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2025

«Батырларға тағзым»: Алматыда патриоттық акция өтті

Алматыда 9 мамыр күні қала әкімдігінің қолдауымен ардагерлер ұйымдары ұйымдастырған «Батырларға тағзым» атты патриоттық акция өтті.
Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатысып, қазақстандық батырларды еске алды. Шеруді әскери оркестр мен құрмет қарауылы ротасы бастап жүрді.
Акция маршруты Орталық саябақтан басталып, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. Акцияға ардагерлер, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты.
Акция барысында 500 мемлекеттік ту, «Батырларға тағзым!» деген жазуы бар 10 тақырыптық баннер және «Жеңіс лентасы» атты патриоттық ленталар пайдаланылды.

Іс-шараны ұйымдастыруға 500 ерікті атсалысты. Жастардың Мемлекеттік туды жайып көрсетуі акцияның жарқын сәтіне айналды.

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз