Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Мамыр, 2025

ТЖМ құтқарушылары ҰОС ардагеріне тағзым етті

Ұлы Жеңіс күні – өткенге тағзым, бүгінге тағылым. Бұл – от пен оқтың ортасында ел үшін жанын пида еткен ерлердің ерлігін еске алып, оларға құрмет көрсету күні. Осы орайда ТЖМ құтқарушылары ардагерлерге деген ыстық ықыластарын білдіруді дәстүрге айналдырған.
Мереке қарсаңында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері 18 жасында Отанын қорғау үшін майданға кеткен ардагер Нұрышев Дильдабек Сансыбаевичтің шаңырағына арнайы барып, жүрекжарды тілектерін айтып, гүл шоқтарын және естелік сыйлықтарын табыстады.
Құтқарушылар Дильдабек Сансыбайұлының елге сіңірген еңбегіне алғыс білдіріп, оның ерлігі мен өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі екенін ерекше атап өтті.
Ардагер өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бейбіт күннің қадірін біліп, ел бірлігі мен тыныштығын сақтау – баршамыздың парызымыз екенін жеткізді.

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз