Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Мамыр, 2025

Қостанай облысында 2 инспектор 13 жүк көлігі жүргізушісінен пара алған

Қарабалық аудандық соты Қостанай облысының фитосанитарлық бақылау бөлімінің екі бас маманына үкім шығарды. Олар 13 жүк көлігі жүргізушісінен карантинге жатқызылған өнімді тексерусіз шекарадан кедергісіз өткізгені үшін 2-ден 20 мың теңгеге дейін пара алған, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Инспекторлар мен 13 пара беруші мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.  Сонымен қатар, инспекторлардан алынған пара сомасы өндірілді.

Сот мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша қызметкерлер арасында профилактикалық жұмысты күшейту және болашақта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне – жекеше қаулы шығарды. 

Үкім пара алушылардың әріптестерінің қатысуымен жарияланып, заңды күшіне енді.

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз