- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Мамыр, 2025
Нигерияда қарулы шабуылдан 23 адам қаза тапты

Нигерияның шығысындағы Бенуэ штатында бірқатар қарулы шабуыл салдарынан кемінде 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы.
Квандэ ауданының әкімшілігі басшысы Рэй Анумвенің жергілікті газетке берген мәліметінде, шабуылдарды көшпелі фулани тайпасынан шыққан малшылар Квандэ ауданындағы ауылдарға жасаған. Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында балалар да бар, көптеген тұрғын жарақат алған.
Шенеуніктің сөзінше, шабуылдаушылар бейбіт тұрғындардың азық-түлік қорын тонап, көптеген үйді өртеп жіберген.
Бенуэ штатында фулани малшылар мен жергілікті егінші қауымдар арасында жиі қанды қақтығыстар болып тұрады. Сәуір айында осыған ұқсас шабуылда бұл өңірде шамамен 100 адам қаза болған.

110 рет
көрсетілді0
пікір