Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Мамыр, 2025

Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды

2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты. Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Амирбек Азатбеков (Астана қаласындағы ФМБ НЗМ), Нұргүл Егенбергенова (NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы), Амир Пшенбаев (Spectrum International School, Астана қаласы), Артур Ким (Spectrum International School, Астана қаласы) күміс медаль иеленді. 

Роман Черемнов (Miras International School, Алматы қаласы), Ілияс Қазымбек (Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы), Даниэль Төлеубаев (NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы), Бекасыл Елубай (Алматы қаласындағы НЗМ) қола медаль иегері атанды. Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

Фото: дереккөзден алынды

136 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз