- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Мамыр, 2025
Адамдар көп жиналатын нысандар өртке қарсы бақылауға алынады

Адамдар көп жиналатын нысандар өртке қарсы бақылауға алынады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Орман кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, өрт сөндіру жұмыстарына тек мемлекеттік өрт қызметі ғана емес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар тартылатын болды. Бұл түзету орман, дала және өндірістік аймақтарда өртке қарсы әрекет етуді кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Адамдар саны көп объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды пайдалануға қабылдау кезінде өртке қарсы бақылауды қалпына келтіру міндеттеледі. Өрттің салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келген жағдайда адамдар саны көп объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі.
t.me/mazhilis_kz

444 рет
көрсетілді0
пікір