- Құмсағат
- 15 Мамыр, 2025
Пара дзюдо: Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды

Астанада өткен пара дзюдо бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.
Құрама айналмалы жүйе аясында өткен белдесулерде Түркия, Үндістан және Өзбекстан командаларын тізе бүктіріп, тек Бразилиядан жеңіліс тапты. Дегенмен, жарыстың жалпы нәтижесінде Қазақстан командасы көш бастап, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын — Қазақстан
2-орын — Түркия
3-орын — Бразилия
Бұл жеңіс — ел намысын абыроймен қорғаған спортшы қыздардың ерлігі мен еңбегінің жемісі.
Фото: gov.kz

680 рет
көрсетілді0
пікір