Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Мамыр, 2025

Елімізде адам папиломасы вирусына қарсы вакцинациялау жалғасуда

16 мамырда елдің барлық өңірлерінде Республикалық репродуктивтік денсаулық апталығы шеңберінде халықтың адам папилломасы вирусы, оның салдары және  профилактиканың мүмкіндіктері туралы ақпаратты арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 11–13 жас аралығында 138 469 қыз бала АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын, ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.
Жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдердің арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып отыр. Жыл сайын әлемде осы диагноздан шамамен 300 мың әйел көз жұмады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның шамамен 2 мың жаңа жағдайы тіркеледі.
Жатыр мойны обыры дамуының негізгі себебі — жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының 16 және 18-типтері. Сондықтан уақытылы профилактика, әсіресе вакцинациялау, аса маңызды.
Вакцина тұрақты иммунитет қалыптастырып, болашақта аурудың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.
АПВ-ға қарсы ұлттық вакцинациялау бағдарламасы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, жоспарлы түрде жүргізілуде.
Бағдарлама 11–13 жас аралығындағы қыздарды қамтиды және халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың негізінде іске асырылуда.
Қазақстан онкологиялық ауруларды төмендету және әйелдер денсаулығын сақтау мақсатында бұл практиканы енгізген 135 елдің бірі болды.

221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз