Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Мамыр, 2025

Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс және бітімгершілік салаларындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрінің орынбасары Лорд Вернон Кокермен кездесу өткізді.

Тараптар қауіпсіздік, қорғаныс және бітімгершілік салаларындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, қазақ-британ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Р.Василенко Қазақстан Қарулы күштері өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу тәжірибесі және осы бағыттағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесіп әскери қызметшілерді даярлау жұмысы туралы ақпарат берді.

Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға одан әрі үлес қосуға мүдделі екенін растады.

Кездесу аясында көпжақты мәселелер мен өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар екіжақты және көпжақты серіктестіктің бүкіл спектрі бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға өзара дайын екенін растады.

Фото: СІМ

922 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз