- Айна
- 17 Мамыр, 2025
17 мамыр - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні
17 мамыр - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні. Бұл – заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланысты қамтамасыз ететін сала қызметкерлеріне көрсетілетін ерекше құрмет күні.
Атаулы күн дүниежүзілік деңгейде де маңызға ие. Ол – Халықаралық электр байланысы одағының бастамасымен бекітілген Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күнімен тұспа-тұс келеді. Қазақстан бұл ұйымның мүшесі ретінде 1992 жылдан бері белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда байланыс және телекоммуникация саласында еліміз бойынша 100 мыңнан астам маман еңбек етуде. Олардың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің нәтижесінде Қазақстан халқының 94 проценті интернетке қол жеткізе алады. Соңғы бес жылда 1 578 ауылға интернет желісі қосылды.
470 рет
көрсетілді0
пікір







