Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Мамыр, 2025

«Алматы – Петропавл» бағыты бойынша рейстер коммерциялық негізге ауысады

Алматы – Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады.

Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).

Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат.

Жолаушыларға тиімді тарифтермен билет алу үшін оларды алдын ала брондауды ұсынамыз.

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз