Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Мамыр, 2025

Алматыда өткен Музей түнінде 20 мыңнан астам адам барды

Өткен түнде қала музейлері шынайы тірі тарих алаңына айналды. Қонақтарды қазақ жазуын реформалаған Ахмет Байтұрсынұлы, Верный қаласының алғашқы бас жоспарын жасаған сәулетші Поль Гурде, алғашқы қазақ инженері Мұхамеджан Тынышпаев, әйгілі геолог Қаныш Сәтбаев және тағы басқа тарихи тұлға бейнесіндегі актерлер қарсы алды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сахнада соғыс жылдарының әндері, қазақтың күйі мен ариялар орындалып, театрландырылған қойылымдар мен әдеби кездесулер өтті. Ұлттық мұраның символына айналған Алтын адам бейнесіндегі қуыршақтар ерекше көзге түсті.
Бағдарлама аясында археология, әйелдер бейнесі, музыка тарихына арналған дәрістер, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері, спектакльдер мен квесттер ұйымдастырылды.

Кеш мерекелік концерттермен және түнгі кинокөрсетіліммен аяқталды. Алматыдағы Музей түні тарихымыз қызықты, жанды әрі барлық буынды қызықтыра алатынын тағы да бір рет дәлелдеді.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз