- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 есепшісі сотталды
Антикоррупциялық қызметтің тергеуі нәтижесінде Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Қаткеева мен сол бөлімнің жеті бухгалтерінің ісі сотта қаралып, бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша кінәлі деп танылды.
Олар нақты жұмыс атқармаған қызметкерлерге жалақы аударып келген. Қаткеева өзінің жүргізушісін мектепке жалған жұмысқа орналастырып, 4,9 млн теңге заңсыз жалақы төлегені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шектелді. Ал оның бухалтерлері 7-8 жыл аралығында түрмеге қамалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: видеодан скрин
286 рет
көрсетілді0
пікір






