Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Мамыр, 2025

Ақтөбеде субұрқақтар маусымы ашылады

Ақтөбеде субұрқақтар маусымы ашылады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталық саябақтағы тоғанда орналасқан музыкалық субұрқақ 24 мамыр күні сағат 21:00-де лазерлік және отты шоу бағдарламасымен іске қосылады.
Маусым бойы бұл фонтан жұмыс күндері әдеттегі режимде, кешкі уақытта жарықпен безендіріліп жұмыс істейді. Ал сенбі, жексенбі және мереке күндері кешке музыкамен сүйемелденген лазерлік және отты шоулар қосылады.
Айта кету керек, елімізде дәл осындай субұрқақтың баламасы жоқ. Басқа қалаларда ұқсас субұрқақтар болғанымен, лазер мен от шоуын бір уақытта көрсететін музыкалық субұрқақ алғаш рет өткен жылдың тамыз айында Ақтөбеде іске қосылған болатын.
Биыл Ақтөбеде алғаш рет 1 мамырда субұрқақтар қосылды. Қазіргі таңда қалада 18 субұрқақ жұмыс істеп тұр.

248 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз