Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар жаңа елшілер тағайындалды

Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметімен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл лауазымын қоса атқарады;

Рауан Жұмабек Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Барлыбай Садықов Кениядағы Қазақстан елшісі және Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарады. Ол Эфиопиядағы елші қызметінен босатылды;

Жалғас Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Фото: Aqorda

109 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз