Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Мамыр, 2025

Бокстан U22 Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасынан үш қыз алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада жалғасып жатқан U22 Азия чемпионатының финалында бесінші спортшымыз шықты.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 54 келіде Элина Базарова шешуші сында вьетнамдық Тхи Май Чукпен кездесіп, алғашқы раундтан-ақ жеңіске деген жігерін көрсетті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті отандасымызға берді

Айта кетейік, Элина 2024 жылы Астанадағы U22 Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.

Екінші алтынды Виктория Байдукова жеңіп алды. 57 келіде Виктория Байдукова шешуші сында үнді қызы Нанси Нансиге еш мүмкіндік бермей, 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті 2-раундта тоқтатты.
Үшінші алтынды Анар Тұрсынбек алып, U22 Азия чемпионы атанды. 60 келіде Анар Тұрсынбек ақтық сында Тәжікстан өкілі Хангома Исоевамен айқасты.
Отандасымыз шабуыл мен қорғаныста да өте сәтті қимылдай білді. 3-раундта Анар қарсыласын нокдаунға жіберген соң, дәрігерлердің шешімімен жекпе-жек тоқтатылды. Ескере кететін жайт, Анар Тұрсынбек 2024 жылы Астанадағы U22 Азия чемпионатында күміс жүлдені еншілеген болатын.

Сонымен қатар Томирис Мырзақұл, Гүлнар Тұрапбай, Ақбота Болат күміс жүлдегер атанды.

 

93 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз