- Құмсағат
- 03 Маусым, 2025
Александр Бублик «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалында Джек Дрейперді жеңіп, алғаш рет ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqstan.TV.
Бұған дейін қазақстандық теннисшілер Үлкен Дулыға турнирінде ерлер арасындағы разрядтың ширек финалына шыға алмаған. Осылайша, Бублик тарихи жетістікке қол жеткізді.
Ширек финалға шыққаны үшін спортшы 440 мың еуро алады.
Фото: Optimism.kz
1052 рет
көрсетілді0
пікір






