Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 10 Маусым, 2025

Қазақстан Түрікменстан делегациясымен ДСҰ-на кіру тәжірибесімен бөлісті

Сауда және интеграция министрлігі Түрікменстанның ресми делегациясын қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-на кіру жолындағы практикалық тәжірибесімен, институционалдық және заңнамалық реформалармен таныстырылды. 

Құрамында Министрлер кабинеті, Орталық банк, Парламент және салалық ведомстволардың өкілдері бар түрікмен делегациясына Ылхам Ярашов жетекшілік етті.

ДСҰ-мен жұмыс жүргізу, сауда рәсімдерін жеңілдету, өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық сауда жүйесіне қосылу мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапынан келіссөздерге қатысқан жетекші мамандар, сондай-ақ «QazTrade» өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті.

Сапар аясында делегация АХҚО-да да болды. Түрікмен тарапы Қазақстанның тәжірибесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы диалогтың өңірлік сауда ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

 

213 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз