- Безбен
- 10 Маусым, 2025
Алматыда ZHETYSU заманауи контейнерлік терминалы ашылды
Алматыда ZHETYSU заманауи контейнерлік терминалы ашылды. Жоба "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компаниясы - "Кедентранссервис" АҚ мен Xi’an Free Trade Port Construction and Operation қытайлық компаниясы арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Жобалық қуаты жылына 115 000 ЖФБ болатын терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына және Қазақстанның ең ірі импорттық хабына айналады. Терминал көлік байланысын күшейтеді және логистикалық шығындарды азайтады.
Ашылу күні терминалға Сиандағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді.
Іс-шараға "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Шэньси провинциясы (ҚХР) партия комитеті хатшысының орынбасары, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқалар қатысты.
Анықтама: Терминалдың жалпы ауданы 9,8 га. Контейнер алаңы 9200 м2 құрайды және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға арналған. Қойма үй - жайларының ауданы 23 400 м2-ге жетеді, тұрақ аймағы-8 900 м2.
368 рет
көрсетілді0
пікір







