- Аймақ тынысы
- 15 Маусым, 2025
Батпақта кептелген көліктен 5 адам эвакуацияланды

Батпақта кептелген көліктен 5 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жастар көкке шыққан еді. Орал қаласынан 32 шақырым жерде жауған жауын-шашынның салдарынан көліктері балшыққа батып қалып, 112-ге хабарласқан.
Оларға көмекке құтқарушылары асықты. ТЖМ қызметкерлері лай жолды еңсеріп, адамдарды Орал қаласына жеткізді. Эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

219 рет
көрсетілді0
пікір