- Безбен
- 17 Маусым, 2025
Жыл соңына дейін 170-тен астам МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов атап өткендей, бұл жобалау мерзімдерді оңтайландыруға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
«Эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80%-дан асты. Оның ішінде, құрылыс материалдары, медициналық жабдықтар бар. Бүгінгі таңда 479 МСАК нысанының құрылысы аяқталды. Бұл ретте бұрын медициналық объектілер болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Фото: ortcom_kz

135 рет
көрсетілді0
пікір