Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Маусым, 2025

Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдарда 479 медициналық нысан салынды

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 МСАК нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов. 

Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда. 

Ұлттық жобаның шеңберінде 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленді. Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80% - дан асты.

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз