Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Маусым, 2025

Көлік министрлігі мен CITIC Group арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Астанада өткен «Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Құжаттың негізгі мақсаты Астананы елдің батыс өңірлерімен жалғайтын стратегиялық маңызы бар «Орталық– Батыс» жобасын бірлесе іске асыру.

«Орталық – Батыс» жобасы — Қазақстанның көлік саласындағы басты бастамаларының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бұл жоба өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталған.

Бұған дейін тараптар мамыр айында Қытайда келіссөз өткізді. Кездесу барысында ынтымақтастық пен жобаны бірлесе іске асыру шарттары талқыланды.

681 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз