Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 20 Маусым, 2025

Қазақстанда алғашқы суперкомпьютер10 күннен кейін іске қосылады

Бұл туралы «Қазақтелеком» компаниясының басшысы Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кеше қоймаға бардық. «Қазақстанның болашағы» болатын темір қондырғының аман-есен келгеніне көз жеткізіп, көңіліміз орнына түсті. Видеокарталар орнында екен. Біздің NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютеріміз қазірдің өзінде елде. Жақында Алматыда – «Қазақтелеком» деректер орталығының алаңында монтаждау жұмыстарын бастаймыз. 10 күннен кейін ол дайын болады. Асыра сілтеусіз айтсақ... мықты зат: 6,7 миллион CUDA ядро, 1600 петафлоп және ондаған терабайт GPU жады», - деп жазды Б. Мусин.

Енді шетелдік серверлерге тәуелді болмай, ЖИ-өнімдерін іске қосуға болады.

Фото: видеодан скрин

1013 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз