Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Маусым, 2025

Алматыда жаңа электр автобустар пайдалануға беріледі

22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша «Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі» аралығында заманауи Skywell маркалы электр автобустары қатынай бастайды.

Кең әрі дыбыссыз бұл электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Салонда салқындатқыш жүйе, бейнебақылау камералары, телефон қуаттайтын USB-порттар, жүргізушіні бақылау құрылғылары және өзге де заманауи жабдықтар орнатылған.

Бағыттағы автобус саны 16-дан 18-ге дейін көбейтіледі. Бұл жолаушылардың күту уақытын қысқартып, қызмет көрсету сапасын арттырады.

Жалпы, 2024 жылы Алматыда 600 газбен жүретін автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды. Қала ішінде 3 жаңа және қала маңына 20 бағыт ашылды.

2025 жылы әкімдік тағы 600 газбен жүретін автобус, ал жеке тасымалдаушылар 118 электр автобус сатып алуды көздеп отыр.

Фото: gov.kz

189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз