Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Маусым, 2025

Қарқара жайлауында «Қымызмұрындық» ұлттық фестивалі өтті

Алматы облысындағы тарихи Қарқара жайлауында ұлттың рухын көтеретін үлкен той — «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 5 мыңға жуық адам жиналды. Кең дала төсіне 100-ге жуық киіз үй тігіліп, жайлаудың жасыл кілемін жамылған көрінісі мен әуезді әні жұртшылықты ерекше әсерге бөледі.

Фестиваль аясында 1 тонна қымыз тегін таратылып, ауылдың қыз-келіншектері күбіде пісіп, бал қымыз дайындады. Қонақтар дәмін алғаш рет татып, Алатаудың қымызына ерекше баға берді.

Дала думаны ұлттық спорт түрлерімен жалғасып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, арнайы көрмеден тарихи жәдігерлер мен ұлттық құндылықтар таныстырылды.

Фото: ашық дереккөзі

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз