- Шартарап
- 22 Маусым, 2025
АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасады

АҚШ Израиль-Иран соғысына тікелей қатысып, Парсы жеріндегі үш ядролық нысанға соққы берді. Оның ішінде Фордо, Натанзе, Исфахан қалаларындағы маңызды нысандар бар. Бұл туралы Ақ үй Президенті Дональд Трамптың өзі мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шабуылдың мақсаты – Иранның уран байыту қуаттарын істен шығару болған. Ол нысандардың толық нысанаға алынғанын мәлімдеді. Иран билігі де Фордо қаласындағы нысанға соққы жасалғанын растады. Дегенмен жеті қат жердің астында орналасқан нысандарға аса зақым келмеген. Оқиға орнынан қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді.
Ақ үй басшысы америкалық ұшақтардың Иран әуе кеңістігінен шығып, АҚШ-қа қайтқанын хабарлады.
Дональд Трамп Тегеран бейбіт келісімге келуден бас тартқан жағдайда, жаңа шабуылдар жасалатынын ескертті.
Фото: ашық дереккөзі

861 рет
көрсетілді0
пікір