Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Маусым, 2025

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды.

Үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алған қазақстандық Ақмарал Ерекешева екі жүлдеге ие болды.

Доппен орындалған жаттығуда Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.

Ерекешеваның алтын медалі - тарихи жетістік. Қазақстан атынан алғаш рет гимнаст қыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Фото: видеодан скрин

441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз