Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Маусым, 2025

Мұнай бағасы өсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 78 доллардан асып, әлемдік нарықта қымбаттай бастады.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 09:45-те 1,83 пайызға өсіп, барреліне 78,42 доллар, ал WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 1,88 пайызға өсіп, барреліне 75,23 доллар болды.

АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы беруі мұнай бағасының өсуіне себеп болды. Бұл жағдай мұнай мен табиғи газдың әлемдік саудасының 25–30 пайызы өтетін Ормуз бұғазының жабылу қаупін туындатты.

Фото: ашық дереккөз

1196 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз