- Фотогалерея
- 24 Маусым, 2025
Шарқұдық шатқалы
Алматы облысы Кеген ауданы Шарқұдық шатқалы көркем табиғатымен ерекшеленеді.
Шарқұдық теңіз деңгейінен екі мыңнан астам метр биіктікте жатыр. Айналасын таулар қоршап жатқан жерде альпілік шалғын, қарағай, шырша өседі. Бұл шекаралық аймақ. Қазақ-қырғыз шекарасы жолды бойлай орналасқан.
Шарқұдықта альпинистердің лагері бар. Бұл жер тек маусым-тамыз айларында ғана ашық болады екен. Осы жерден альпинистер Хантәңірі шыңына қарай жол тартады. Сондықтан, екі ел де өз жағынан лагерлер ашып қойған. Қырғыз жағында жол сайрап жатыр. Соған қарағанда, Қарқараның арғы бетінде туризм, альпинизмге көңіл айрықша бөлінген секілді. Ұялы байланыс желілері де көрші елден тарап тұрды. Дегенмен, тұмса табиғат көздің жауын алады.
Суреттерді түсірген – Досжан Балабекұлы
1334 рет
көрсетілді0
пікір







