Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Маусым, 2025

Қазақстан азаматтары Индонезияда ауыр айыппен ұсталды

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардае 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталды, енді олар өлім жазасына кесiлуі мүмкін.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

«Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», - делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Айта кететіні, Индонезияда есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Фото: ашық дереккөзі

314 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз