Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Маусым, 2025

Босқындардың құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БЖКБ) Орталық Азиядағы өкілінің міндетін атқарушысы Думитру Липканумен кездесу өткізді.

Тараптар азаматтығы жоқ адамдардың саның қысқарту, босқындарға, ішкі қоныс аударған адамдарға және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Қазақ дипломаты босқындарды қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудің, сондай-ақ Қазақстанның босқындарға жәрдем көрсету және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар босқындардың құқықтарын жақсарту және гуманитарлық қорғау мақсатында Қазақстан мен БЖКБ арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.

278 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз