Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Маусым, 2025

Әріптестеріміз марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Достық үйінде журналистика саласында талай жылдар бойы тынбай қызмет етіп келе жатқан бірқатар кәсіби мамандар Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың қолынан марапаттар алды.

Мерекелік шара барысында еңбегі еленіп, қошеметке бөленген журналистер қатарынан "Қазақ газеттері" серіктестігінің қызметкерлері де көрінді. Атап айтар болсақ, "Дружные рабята" газетінің ардагері Әлімжан Акбаров пен "Ана тілі" газетінің тілшісі Бағдагүл Балаубай  "Құрмет" орденін иеленсе, "Мысль" журналы бас редакторының орынбасары Сәуле Ахметова, "Ақиқат" журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев және "Балдырған" журналы бас редакторының орынбасары Бағдат Мәжитов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, "Балдырған" журналының бас редакторы Ерғали Бақаш "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісіне ие болды. 
Вице-министр қолынан марапат алған алматылық әріптестер қатарында журналистика ардагері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің профессоры Кәкен Қамзин де бар. Сала мамандарының талай толқынын тәрбиелеп, ағартушылық ісіне адал болып келе жатқан ұстаз "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, белгілі журналист "Алматы ақшамы" газетінің тілшісі,  Рая Ескендір "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды.
Салтанатты шара соңында Қанат Ысқақов баспасөз өкілдерін келе жатқан мерекемен құттықтай келе,  ақпарат әлемінің үздіктеріне шығармашылық шабыт пен еңбектеріне жеміс тіледі.

 

Гаухар ТҮСТІКБАЕВА,

"Қазақ газеттері"  ЖШС

Суреттерді түсірген - 

Юрий БЕККЕР

3536 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз