Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Маусым, 2025

Үш жылдық бюджетті дайындау шеңберінде шығыс лимиті қалыптастырылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026-2028 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті әзірлеу барысы туралы айтты. Депутаттардың сауалына жауап бере отырып, вице-министр бұл үдеріс жаңа Бюджет кодексіне сәйкес іске қосылғанын айтты.

«Алдағы үш жылға арналған болжамға, расында да, жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру процесі басталды.  Бізде тек шығыстар шегін анықталды. Өздеріңіз білетіндей, кірістер, салық түсімдері макроэкономикалық параметрлер негізінде болжанады. Есептеулер негізі 2024 жыл және осы жылдың бағалауы»,
 — деп атап өтті вице-министр.

Оның мәлімдеуінше, 2024 жылғы қорытынды статистикалық мәліметтер тамыз айының басында белгілі болады.  Олар жасалғаннан кейін ведомство есеп айырысуға кіріседі.

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз